Павлодарлық таеквондошылар «Semey open» ашық турнирінен 12 алтын әкелді

 Павлодарлық таеквондошылар «Semey open» ашық турнирінен 12 алтын әкелді

Город

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ғаламдық Таеквондо федерациясының бас төрешісі, Павлодар облысының Ғаламдық Таеквондо федерациясының президенті, аталмыш спорт түрінен төрт дүркін қара дан иегері Қален Сұлтанғазин айтты.

— Ашық турнирде 25 салмақ дәрежесі бойынша алты облыстан 200-ден астам бала сайысқа түсті, — дейді Қален Сұлтанғазин. – Павлодар облысынан 31 спортшы бақ сынап, барлығы орын алды. Оның ішінде хъёнг пен массоги түрлері бойынша 12 алтын, 13 күміс пен 13 қола медаль бар. Бүгінгі таңда «Қаһарман» таекводно мектебінде 100-ге тарта, жалпы, федерациямызда 400-ден астам бала жаттығуда. Бұл спорт түрі өңірде кең қанат жайып келеді.

Айта кетейік, Қазыбек Абдухаиб, Шамсия Қабдолова, Игорь Декскаймер, Әбілмансұр Аймакен, Рамазан Сағындық, Геннадий Курнов, Балнұр Оркенова, Асанали Нұрланұлы, Дарина Жуанышева, Леонид Бондарев, Аққайыр Женаевтар хъёнг мен массоги түрлері бойынша алтыннан алқа тақты.